бірегей орыс жазушысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Николай Васильевич Гоголь (20 наурыз (1 сәуір) 1809 жылы, Большие Сорочинцы селосы, Полтава губерниясы, Ресей империясы — 21 ақпан (4 наурыз) 1852 жылы, Мәскеу, Ресей империясы) — орыс жазушысы. В. Алов деген бүркеншік атпен «Ганц Кюхельгартен» идиллиясын жариялайды. Гоголь есімін көпшілікке танытқан «Диканька маңындағы хутор кештері», «Арабески», «Тарас Бульба» туындылары болды. Н. Гоголь шығармашылығының түйіні — 1835 жылы жазыла бастаған «Өлі жандар» поэмасы.[1]
Николай Васильевич Гоголь | |
Туған күні |
01.04.1809(20.03.) |
---|---|
Туған жері |
Большие Сорочинцы селосы, Полтава губерниясы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні |
4.03.1852(21.02.) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
орым |
Қызметі |
прозашы, драматург |
Н. Гоголь жас кезінен-ақ әдебиет пен кескіндеме өнеріне ынта қойып, актёрлікпен де айналысқан. 1829 жылы В. Алов деген бүркеншік атпен "Ганц Кюхельгартен" идиллиясын (ауылдың табиғатпен жарасқан тіршілігін бейнелейтін жыр) жариялады. Гогольді көпшілікке кеңінен танымал қылған "Диканька маңындағы хутор кештері" (1-бөлімі - 1831 жылы; 2-бөлімі - 1832 жылы), "Миргород" (1835; жаңа редакциясы), "Арабески" (1835), "Тарас Бульба" (1841) кітаптары болды. Қоғамдағы "кішкентай адамның" қорлыққа толы өмірі "Шинель" повесінде (1842) психологиялық тұрғыдан кеңінен ашылған. Кейін осы тақырыпқа қалам тартқан орыс жазушылары арасында "Бәріміз Гогольдің "Шинелінен " шықтық" деген пікір қанатты сөзге айналды. Ал Гогольдің "Ревизор" комедиясы қоғам өміріндегі елеулі оқиға болды. Ол, сондай-ақ, "Үйлену", "Ойыншылар" (екеуі де 1842 ж.) комедияларын және басқа да драмалық шығармалар жазған. Гогольдің шығармаларының түйіні - 1835 жылдан жазыла басталған "Өлі жандар" (бұл шығарманың 1-томы 1842 ж. жарияланып, 2-томын 1852 ж. автордың өзі жойып жіберген) поэмасы. Романтизм мен нәзік лиризмді, жеңіл әзілді алғаш шығармаларында сәтті қолданған жазушы соңғы шығармаларында сол кезеңдегі орыс қоғамының шенеунікті-бюрократтық өмірін өткір сынға алды, орыс әдебиетінде гуманистік және демократиялық сарынның қалыптастыруына зор үлес қосты. Жазушының діни-адамгершілік ұстанымын баяндайтын "Достармен жазысқан хаттардан таңдалған үзінділер" деп аталатын кітабы (1847) В. Г. Белинскийдің сынына ұшырады. Гогольдің драмалық шығармалары ("Ревизор", "Үйлену" және т.б.) XX ғасырдың басында қазақ тіліне аударылып, ұлттық театрымыздың сахнасында сан мәрте қойылды. Сондай-ақ жазушының қазақ тілінде "Шығармаларының" 6 томдығы (1952-55), "Таңдамаларының" 2 томдығы (1981) жарық көрді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.